ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ПӘТУА САҒАТЫ

Абай облыстық орталық мешітінің наиб имамы, Абай облысы бойынша Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Қуаныш Файзоллаұлы жұма намазынан кейін жамағатқа пәтуа сағатын өткізіп, халықтың оразаға қатысты сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, “Исламдағы бала асырап алу үкімі” туралы баяндап, шариғаттағы үкімін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.