Аягөз қаласына келген Өкен Шынарбек мешітте жамағатқа ақшам намазынан соң «Уайымнан арылу» жолдары жайында насихат айтты. «Құранда адам баласының әлсіз жаратылғандығы соның ішінде: ауырса шипаға, қиындыққа ұшыраса қорғанға, қателессе тәубеге мұқтаж, осы істердің бәріде адамға уайым – қайғы әкеледі. Жүректің тыныштығын алады, жүрек тыныш болмаса, береке қашады» – дей келе, сонымен бірге, Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінен уайымнан құтылуға мұсылманның қорғаны дұға жайлы баяндап, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі