РАНТ мүшесі Жаңауыл мешітінде

Аягөз қаласына келген РАНТ мүшесі Өкен Шынарбек қаладағы «Жаңауыл» мешітінде құптан намазында «Ұятты болу – ұлы қасиет» жайында насихат айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де бірге кетеді» – деп ұяттан ажыраған кісінің иманнан қол үзетінін жеткізгендігін ұстағнан ата – бабаларымыздың жолын айта келіп, қасиетті Құран Кәрімдегі ізгілікті атап өтті. Ұят иманның жемісі, өйткені иманы кәміл пенденің ұятыда кәміл дәрежеде болады. Сондықтанда шариғатпен сусындаған салт – дәстүрін дінімен ұштастыра білген кешегі аталар жолын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу керектігін баса айтты. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі