Семей қалалық Шәкәрім мешітінде Қала аудан мешіт имамдарының жылдық есеп беру жиыны өтті. Оған барлық мешіттерінің бас имам, наиб имамдары қатысты.
Жиынды Семей аймағы бойынша бас имам Мұқанов Асқар Әбітайұлы сөз сөйлеп, жүргізіп отырды.
Мұндағы мақсат – дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау.
Әр ауданның бас имамына кезекпен сөз берілді. Олар өз аудандарына қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған шаралары, жасаған қайырымдылықтары, оқу-ағарту жұмыстары жөнінде баяндама оқыды. Жиын барысында қала, ауданның бас имамдарынан, жаңа нұсқа бойынша өткен жылдық есеп беру жиналысында бас имамдар уағыз-насихат, пәтуа беру, қайырымдылық, халал стандарттау, деструктивті ағымның ықпалында жүрген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттық насихат, мешіт істері, діни білім және кадр даярлау, т.б. бағыттар бойынша есеп берді.
Сонымен қатар, Семей өңірінде өтетін айтулы іс шара 2020 жылы жүзеге асатын жобалар, атап айтқанда, Хәкім Абайдың 175 жылдығын атап өту, қайырымдылық акциялардың жоспары талқыланды.
Сөздің тізгінін қолына алған Бас имам жыл бойы атқарылған шараларға оң бағасын беріп, тиісті сын-ескертпелерін де айтты.
Жиын соңында Бас имам аудан, қала имамдарына 2019 жылы жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру