Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты қасиетті жұма намазынан кейін жамағатпен дұға жасауды тапсырды.
Мұсылманның өзге мұсылманның алдында міндеттері бар. Соның бірі – мұсылман бауыры үшін дұға жасау, жақсылық тілеу. Апаттан аман қалғандар үшін шипа сұрау, ал марқұм болғандарға Алладан мейірім, кешірім тілеу – мұсылманның міндеті.
Біз де қасиетті жұма күні апаттан жарақат алған барша бауырларымызға шипа сұраймыз, марқұм болғандардың артында қалған отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
Айта кетсек, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшу кезінде апатқа ұшырады. Болған оқиғаға байланысты Бас мүфти ұшақ апатынан қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты.
Пікір қалдыру