Жақында ғана өткен ІІІ Имамдар форумында қабылданған тарихи құжат жамағат бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырта түсуге бағытталған. Аталмыш құжатта адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті қасиет айрықша аталады. Дәлірек айтқанда, имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділетті болу асыл қасиеттерді әр адам баласы өз бойына қалыптастыра білсе, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған берекелі қоғам орнайтыны сөзсіз. Семей қалалық Абай драма театрында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасының мақсатымен міндеттерін халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында елімізге өз еңбектерімен үлес қосып жүрген азаматтарды жеті номинация бойынша жүлделі орынға ұсынылды. Атап айтқанда:
ИМАНДЫЛЫҚ номинациясы бойынша Ахметсафаұлы Мұзафар аға. 1970 жылдан бері Мед. Институтының ұстазы, профессор, доцент, медицина ғылымының кандидаты. Әкесі Ахметсафа Қалдыбайұлы 1954-1973 жж аралығында имамдық қызмет атқарған. 10 тілді жетік меңгерген. 1958 жылы қажылық парызын өтеп келген.
ОТАНШЫЛДЫҚ номинациясы бойынша Салех Мухаммад Самиғулла. 2003 жылы Отанымыз Қазақстанға оралған қандасымыз. Жеке кәсіппкер. Қари.
БІЛІМДІЛІК номинациясы бойынша Арафат Мажитұлы. Қазақ иновациялық гуманитарлық заң университетінің гуманитарлық факультетінің деканы. Арафат ағамыздың жетекшілігімен «Еуро аудит групп» білім беру орталығы бірнеше жылдан бері Ұлттық бизнес рейтингте Жыл үздігі номинациясын иеленді. және Арафат ағаның қолдауымен 100 аса студент шет мемлекеттерде білім алуда. 3 монография, 50 ден астам ғылыми әдістемелік публикациялар, мақалалар мен тезистердің авторы.
АУЫЗБІРШІЛІК номинациясы бойынша Гулжихан Әмірғалиқызы. 1991 жылдан бері « ӘМИНА МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРІ» одағының төрайымы. Ұлттық құндылықтар мен салт дәстүрді насихаттауға зор үлес қосып келген.
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ номинациясы бойынша Абылайхан Қалқаұлы. Темірден түйін түйген шебер. Шәкірт тәрбиелеген. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. Түрлі республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы.
МӘДЕНИЕТТІЛІК номинациясы бойынша Рахиев Мақсат қалалық мәдениет сарайының әншісі. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету қайырымдылық шараларының ұйымдастырушысы.
- ӘДІЛДІК номинациясы бойынша Диас Ернұрұлы. Қазақ иновациялық гуманитарлық заң университетінің « Бизнес инкубатор» орталығының басшысы. Жас заң достастығы қоғамдық қорының мүшесі. Әлеуметтік жобалардың авторы.
Осы аталған жеті номинация бойынша үздік деп танылған азаматтарға көпшілік алдында Семей аймағы бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы салтанатты түрде сый сияпатпен марапаттады.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі