Семей қаласында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 159-баспананың кілті табыс етілді

Рухани іс-шара Мәуліт мерекесі салтанатты жағдайда өтті. Осы шарада «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 159-баспананың кілтін Семей қаласының тұрғыны  көп балалы отбасы Асаубаев Талғатқа табыс етілді. Бас имам Асқар Әбітайұлы жомарттық жасап, жобаға үлес қосқан жұмыла көтерген халыққа, сондай-ақ осы қайырымдылық жобасына атсалысып жүрген баршаңызға алғыс білдіреміз деп жүрек жарды тілегін жеткізді.

Сіздерге Алланың нұры жаусын! Иә, ағайын, садақа беру арқылы адамның өмір жасы ұзарады және судың отты сөндіргеніндей садақа күнәларды өшіреді!                                                 Қоғамымызда бір-біріне қол ұшын созар қайырымды жандар көп болсын!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі