Сайысқа Жоламан мешіті мен Жарқын ауылының мешітінде білім алып жүрген қыз келіншектер қатысты. Екі топтан құралған сайыс үш кезеңнен тұрды. 1 – кезең 40 парыз бойынша сұрақ – жауап болды. 2 – кезең дін мен дәстүр сабақтастығы бойынша белгілі бір тақырыпқа хадис пен мақал айту, хакім Абайдың қара сөздерін түсіндіру болды. 3 – кезең хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқудан болды. Қатысушылар қазақты әлемге танытқан хакім Абай өлеңдерін ана тілінде ғана оқып қоймай, орыс және ағылшын тілдерінде жатқа айтып сайыс қызықты өтті. Сайыс барысында өз өнерлерін жақсы көрсеткен Жоламан Ақ мешіт шәкірттері алға шықты. Мешіт атынан барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру