Соның бір айғағы, ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігі орталық мешітінде садақа қабылдайтын терминал орнатылды.
“Мешітке дұға тілеп, құран оқыту үшін келген жамағат, садақасын міндетті түрде жәшікке салмай, терминал арқылы да садақа бере алады. Ол қаражат тікелей орталық “Қос мұнаралы” мешітінің есеп шотына түседі. Аталмыш бастама мешіт имамдарының діни һәм рухани тұлғалығына ел алдында оң әсерін береді”- деді Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы.
Алдағы уақытта осы бастама Семей аймағына қарасты қала, аудандарда мүмкіндігіне қарай терминал қою жоспарлануда.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру