Құрметті Семей қаласының тұрғындары!!!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде шариғи сұрақ - жауап желісі ашылды

Қазіргі таңда кейбір жамағаттар көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап іздеймін деп, әлеуметтік желідегі жат ағым парақшаларынан діни үкімдерді дінімізге қайшы түрлі жауаптар алуда. Алла Тағала Құран Кәрімде «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар!»– деген (Нахл сүресі 43 аят).  Сол себепті, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Шариғат және Пәтуа бөлімі әр өңірде Пәтуаға жауапты өкілдерді бекітті. Семей өңірі бойынша Пәтуаға жауапты өкілдер,  Ватсап және Телеграм желілерінде сұрақ-жауап парақшаларын ашты. Бұл парақшаларда жамағаттың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға Семей өңіріндегі білімді және білікті мамандар жауап береді.

WhatsApp желісіне тіркелу мына телефондар арқылы:

87784898928

87013108999

87756444893

87752349914

Telegram желісіне тіркелу төмендегі сілтеме бойынша:

@qmdb_fatua_semey немесе ҚМДБ Семей өңірі бойынша Сұрақ-Жауап парақшасы