ҚАР ТАЗАЛАУ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫ

Шығыстың қысы қатты ежелден. Аязды күндер артта қалып, күн шуағы жадырап көктемнің жақындағанынан хабар бере бастады.

Қыс бойы жауған ұлпа қардың қызығын балалар асыр салып ойнап, қызыққа батады. Ауа райының жылынуына байланысты қыс бойы жауған қалың қардың тазалығы күттірмес мәселе.
Семей қаласы «Қос мұнаралы» орталық мешітінің ауласын қардан тазарту жұмыстарына мешіт қызметкерлері мен жамағат жұмыла кірісті. Үйілген қарларды арнайы техникалық көліктер арқылы қауіпсіз жерлерге жиналып тасмалдау көліктеріне жүктелді.
Құлшылық ғибадатына келуші жамағатқа ыңғайсыздық тудырмас үшін қыс бойы мешіт ауласы қардан тазарту жүргізілді. Алдағы уақытта қыс бойы мешіт ауласы мен абаттандыру алаңдары қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жалғаса бермек. Әрине, мұның бәрі ғибадат жасаушыларға қолайсыздық тудырмау. Сондықтан мұндай шаралар кез келген мекемелерге де жасалуы тиісті жұмыс. Осындай иігі істерге қашанда мешіттеріміз бастама жасауы ләзім.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.