«Қызметкерлерді моралдық һәм материалдық тұрғыдан қолдап, оларды жұмысқа жігерлендіру – басшының міндеті. Біз өз деңгейімізде қолдан келген көмекті жасаймыз. Ендігі мақсат, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетіне өсиет еткендей, осы жұмысымызды жақсы көріп, дінге, елге қызмет етуде тиянақтылық танытуымыз тиіс. Әр ісімізді кәсіби түрде орындауға кірісейік. Ортақ мақсат ісінде жұмыла жұмыс істейік», – деп атап өтті кілтті табыстау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Наурызбай қажы Тағанұлы.
Өз кезегінде Сансызбай қажы Құрбанұлы Бас мүфтиге алғысы мен шынайы ниеттестік тілегін жеткізді.
Пікір қалдыру