Біз осынау игі жұмыстармен шектелмей, Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге әр облыстағы мешіттердің қолдауымен азық-түлік тиелген жүк көліктерін жібердік. Қаржылай да қолдау көрсеттік. Қосымша 30 тонна ұн жеткізетін боламыз. Алла қаласа, 18 мамырда Мақтаарал ауданындағы баспанаға аса зәру екі отбасыға екі үйдің кілтін табыстаймыз. «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жүзеге асатын қайырымдылық шарасына, Алла бұйырса өзім де қатысамын. Сондай-ақ Төлеби ауданындағы тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге де қайырымдылық көмек береміз» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пікір қалдыру