ФГДС (ШЛАНГ ЖҰТУ) ОРАЗАНЫ БҰЗАДЫ МА?

Жалпы алғанда шланг жұту оразаны бұзбайды. Өйткені, оразаны бұзу үшін шланг толығымен ішке кіруі тиіс. Ал, бұл жағдайда шлангтың бір бөлігі сыртта қалады.

  Дегенмен, шланг арқылы асқазанға бір нәрсе түссе оразаны бұзады. Осыған орай шлангқа дәрі жағып, жұтқызатын болса оразасы бұзылып, бір күн қазасын өтейді.

Имам Хаскафи: «Егер адам ағаш немесе ұшына тамақ байланған жіп жұтса, оның бір ұшы сыртта қалып және әлгі заттан іште бір бөлігі қалмаса ораза бұзылмайды. Себебі ораза бұзылуының шарты іште қалу» деген.