ҚАН МЕН ТЕРДІҢ ҚАРЫЗЫН ӨТЕУ – ПАРЫЗ.

9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күніне 75 жыл толуын атап өтіп жатыр.

Қасіреттің біткен күні. Иә солай, Бұл  мереке сол үшінде әр отбасына  ыстық. Өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында  соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама жан тылда  еңбек етті. Бірі қанын төксе, бірі терін төкті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында  миллиондаған адамның өмірі қиылды. Хадисте; Алла тағала екі көз иесін азаптамайды,(бәлки сыйға бөлейді) Аллаға жалбарынып жылаған көз, отан қорғап  түнін ұйқысыз өткізген көз-деп  отан қорғау жолын қастерлі амалға балаған.

    Ұрпақтың мойнындағы ұмыт қалдырмайтын парыз амалдың бірі -Қаһарман ата-әжелерімізді ұмытпай рухтарына дұға жасау, құран сауабын  бағыштау. Осы орайда Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйымдастыруымен,Семей орталық мешітінде, өңір имамдары күнделікті оқып жатқан, Құран Хатымның сауабын майданда шахид болған, соғыстан кейін қаза болған соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері рухына арнайы аударып бағыштады. Еліміздің тыныштығы мен берекелі бейбіт күннің ұзақ болуын Алладан сұрап дұға жасалды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.