Ән-Насаи мен Ибн Мәжадан жеткен хадисте Айша анамыз (оған Алла разы болсын): «Рамазан айынан өзге айларда Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір түнде Құранды бастан-аяқ оқып, таңға дейін намаз оқып, бір ай бойы ораза ұстағанын көрмедім»,- деген.
Өзге бір хадисте:
Имам Шафиғи:
Бұл түнде біздің құлшылығымызды арттыруға ынталандыратын ол – Қадір түні. Бұл түн мың айдан, яғни 83 жылдан қайырлы. Бұл деген сөз бұл түнін құлшылықпен өткізген адам мың айдай құлшылық жасағандай сауапқа кенеледі. Бұл Раббымыздың біздің үмметке берген нығметінің бірі. Әнас ибн Мәліктің айтуынша, бірде Рамазан айы басталған кезде ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
Қадір түнінің қаншасыншы түні болатыны беймәлім, алайда хадистерге сәйкес, соңғы он күндегі тақ түндердің біріне тура келеді: «Қадір түнін Рамазан айының соңғы тақ түндерінен іздеңдер».
«Іздеңдер» деген сөз оның белгілерін қарап отыру деген емес, керісінше, сол түні ұйқыдан бас тартып, құлшылық жасау дегенді білдіреді. Алланы еске алу, кешірім тілеу, дұға жасау, нәпіл намаздар оқу, Құран оқу секілді құлшылықтарды атқару. Айша анамыз Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл түні қандай дұға оқу қажеттігін сұраған кезде:
Соңғы он күндегі сүннетке иғтикаф та жатады. Айша анамыз (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің Рамазан айының соңғы он күнінде мешітке кіріп, жалғыз қалғанын жеткізген. Әз елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осылай жасауды өмірден озғанша жалғастырған. Сонымен қатар, Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын): «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әр жылғы Рамазанда иғтикаф жасайтын. Алайда, өмірден озатын жылы жиырма күн бойы иғтикафта болған»,-деген.
Иғтикаф рухани азық жинауға көмектеседі: өмірің жайлы ой жүгіртіп, болашақты бағамдап, өткеніңді есіңе түсіреді. Иғтикаф сабырлы болуға және рухтың табандылығына тәрбиелейді, мұсылман адамның жаратушысына жақын болуына, дүниелік уайым-қайғыны бір сәтке болсын ұмытуа жәрдемдеседі.
Әсіресе, соңғы он түнде жомарттық таныту өте маңызды. Бұл – рамазан айының маңызды сүннеті, себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы уақытта ерекше жомартық танытқаны белгілі. Имам ән-Науауи:
Соңғы он түндегі жасалатын сүннет амалдар анық әрі түсінікті. Алайда бұл түндегі атқаратын амалдар мен құлшылықтарға берілетін сауапты тіпті елестету мүмкін емес. Сондықтан да ақыретіміз бен өміріміздің соңы жақсы болуы үшін осы түнде берілген мүмкіндіктерден құр қалмайық!
Пікір қалдыру