09 мамыр-Жеңіс күні Бас имам Асқар Әбітайұлы бастап Семей өңіріне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіт имамдары ардагер ақсақалдарды зиярат етіп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар жасады.
Бас имам өзі бас болып атқарған бұл сауапты шара барысында асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияларды құттықтап, олардың отбасыларында болып ізгі дұғалары мен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп қайтты.
Қан майданды көзбен көріп, жау оғына кеудесін төсеген жауынгерлер аталарымыз имамдарға өмірлік өнегесі мен соғыс жылдарының суық естеліктерін бөлісті. Имамдар мен ақсақалдардың кезек-кезек берген ақ батасы да бейбіт күніміздің бұзылмауынан басталып, еліміз бен жеріміздің, дініміздің тыныштығы бүлінбеуін сұраумен аяқталып жатты.
Ардагер қариялардың отбасында болған Бас имам Асқар Әбітайұлы:
«Қазақ халқы қариясы бар үйдің қазынасы бар деп айтады. Бүгінгі мына мамыражай заман үшін арыстандай арпалысқан аталарына кейінгі ұрпақ қанша сый-құрмет көрсетсе де, көптік етпейді»,-деді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру