Сонымен қатар, салалы ведомство басшысы атап өткендей, оқу жылының басында «Хабар» агенттігінің базасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық платформа болатын «әл-Фараби» арнасы іске қосылады.
Отандық сериал өндірісінің дамуы туралы айта келе, А.Балаева биыл 42 сериал өндірісі жоспарланғанын хабарлады. Көрермендерге отбасы құндылықтары, волонтерлердің қызметі туралы қызықты жобалар, педагогтар, дәрігерлер, полицейлердің имиджін көтеруге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сериалдар түсіріледі.
Пікір қалдыру