ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ПӘРМЕНДІ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХV мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
Павлодар қаласында өткен кеңестің көшпелі мәжілісін ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ғұламалар кеңесі пәрменді институт ретінде қалыптасты. Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады екен?» деген сауалдар жиі айтылады. Бұл – сіз бен біздің атқарған ауқымды еңбегіміз бен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарымыздың жемісі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, халқымыз елең-алаң күй кешкен сәтте біздің ғұламалар онлайн режимде маңызды құжаттарды талқылап, қажетті пәтуалар қабылдады. Бұл пәтуаны жамағат дұрыс қабылдап, біздің Үндеуге мойынсұнып, бірлігін көрсетті», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.