МЕШІТТЕРДЕ КЕЗЕКТІ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША (ФОТО-ВИДЕО)

Ассаламуалейкум құрметті жамағат!

Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Карантиндік талаптар жеңілдетіліп 6 маусымнан бастап барлық мешіттерімізде жамағатпен намаз оқуға мүмкіндік туды. Алайда карантиндік жағдайдың мерзімі аяқталмағандығы себепті, санитарлық талаптарды толық орындауға міндеттіміз. Мешітке келуші жамағат намаз оқу үшін төмендегі талаптарды орындауларыңызды сұраймыз;

  1. Мешітке келу үшін міндетті түрде бет пердемен келу.
  2. 1.5 – 2 метр ара қашықтықты сақтап намаз оқу.
  3. Әркім өз жайнамазымен келу.
  4. Карантиндік мерзім аяқталғанға дейін, дәретханалардың жұмыс істемеуіне байланысты, дәретті үйіңізден алып келгеніңіз абзал.
  5. Мешітке келген жамағат ұзақ уақыт болмау. Мешітте болу уақыт ұзақтығы – 15 минут.
  6. Мешітте қол алыспау.
  7. Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар намаздарын үйлерінде оқығаны абзал.

Мешітте атқарылатын рәсімдер намаз оқу, құран оқыту, дем салдыру, неке қию, ат қою.

Жұма намазының қашан басталатынын алдағы күні хабарлайтын боламыз.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.