Бас мүфти сондай-ақ өңір имамдарына санитарлық талаптарды қатаң сақтауды, халыққа психологиялық қолдау білдіріп, көбірек истиғфар, салауат айту және садақа ниетімен құрбандық шалуды ұйымдастыруды тапсырды.
«Ел басына қауіп төнген осындай сын кезеңде Алладан дұға тілеп, құрбан шалудың маңызы зор. Қазақта қуаңшылық болып, қауіп-қатерге душар болғанда құрбандық шалып, Алладан дұға тілейтін жақсы дәстүр бар. Мәселен, Шәміс Құмарұлының «Ер Жәнібек» тарихи романында халықтың Алладан жеңіс сұрау мақсатында құрбан шалғаны жазылған. Демек Алладан рақым, медет, шипа сұрау мақсатында құрбан шалып, дұға тілеудің артығы жоқ. Бәрін беретін – Алла Тағала. Сондықтан ертең сағат 11:00-де еліміздің барлық аймағында құрбан шалып, Алладан көбірек дұға тілейік» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы «Елімізді бейбіт мекенге айналдырып, індеттен құтқара көр» дей келе, мемлекетіміздің, имамдар мен жамағаттың, ауырып жатқан жұртшылықтың амандығы үшін Алладан шипа сұрап, дұға жасады.
Пікір қалдыру