Кейін Бас мүфти қасапханалардың жұмысына тоқталды. Облыс имамдарына қасапшылардың жеткілікті деңгейде болуын қадағалап, санитарлық талапты барынша сақтауға мән беру қажеттігін баса айтты.
«Өте жауапты, салмақты шаруаны мойнымызға алып отырмыз. Ниет етіп қаражатын төлеген азаматтардың аманатына адал болуымыз керек. Етке зәру жандардың да тілегі ескерілсін. Біз бұл істі сауап алу мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Мемлекет карантин режиміне қарамастан Діни басқармаға осы рәсімнің өтуіне оңтайлы жағдайлар жасауда. Сондықтан игі істе аянып қалмайық. Ислам – мейірім діні. Біз имамдар осы шараны да мейіріммен атқарайық» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жиында Діни басқарма төрағасы жаңадан іске қосылған сайттың Құрбан айт біткенше тоқтаусыз әрі ашық жұмыс істеуін қадағалауды тапсырды. Одан бөлек Құрбандық шалу рәсімін атқаруға жалғыз құзырлы мекеме ретінде мүфтияттың насихат жұмыстары халыққа жетуін, ел осы бір орталықтан тапсырыс беруін түсіндіруді жан-жақты қолға алу қажеттігіне тоқталды.
Құрбандық шалу рәсімін республика бойынша ұйымдастыруға жауапты Зекет қорының директоры Талғат Омаровтың айтуынша қазіргі уақытта барлық аймақта қасапханалар дайын әрі санитарлық талапқа сай. Мұқтаждардың тізімі берген өтінішіне сай әрі біз бекіткен тәртіп бойынша іріктеліп жатыр деді қор директоры.
Жиын соңында Бас мүфти сауапты амалды өз деңгейінде ұйымдастырып, карантин талаптарына аса мән беруді тапсырды.
Пікір қалдыру