ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай ұйымдастырылған шараны Семей қаласының имамдары жалғастырды.
Осынау қиын сәттерде шипа мен ем болатын алғашқы амал – мұсылманның дұғасы. Көпшілік Құран хатымын жасап, оқылған намазда да, берген садақаларында да Алладан еліміз үшін амандық сұрауда.
Игі шара барысында арнайы мал шалынып, құрбан еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру