Бүгінгі таңда қаламызда тексерістерден өтіп, арнайы дайындалған қасапханаларда уәкіл құрбандық шалынып басталып кетті. Ең алғашқы құрбан шалу қаламыздың бас имамының батасымен басталды. Жоламан кентінде орналасқан ғимаратта қазірде онға жуық қасапшы, және отыздан астам еріктілер жұмыс атқаруда. Еліміздегі жағдайға қарамастан бүгінгі күннің өзінде он ірі қара мен, жүз алты қой шалынды. Шара барысы қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев пен жауапты мамандар қадағалауында болды. Айттың алғашқы күнінде үш жүз елу бес әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға құрбан малы таратылып, көмек берілді. Ертеңгі күні бес жүзге жуық отбасыға таратылады деп күтілуде. Еріктілер жұмысының барысында қала тұрғындары ыстық ықыластарын білдіріп, ризашылықтарын айтып жатты.
Әсем Алпысбаева – көп балалы ана: Бүгінгі құрбан айтта осылайша көп балалы аналарға деп көмек беріп жатқандарыңа рахмет. Ең бастысы халқымыз аман болсын. Аман-есен осы індеттен құтылайық. Қуанышты күндер көп болсын!
Гүлмира Тасқынқызы – көп балалы ана: Сіздерге Алла разы болсын. Алла бүйырып осы пандемиядан шығайық. Рахмет сіздерге! Рахмет сіздерге… , -деп бір жағынан қобалжып, бір жағынан қуанып , ана жүректерімен шынайы лебіздерін білдіріп жатты.
Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінің 37 – аятында: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаһқа деген құрмет» делінген екен. Сол себепті де жетім – жесірден, мұң-мұқтаждан көмегімізді аямай, сауапты істерді молынан жасайық. Біздің ең негізді мақсатымыз Алланың разылығы алу! Тағы да баршаңызға құрбан айт мүбарак болсын!
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру