«Қоғамда кейбір дін ұстанушылар тарапынан туындайтын қатердің алдын алу, шетін топ өкілдерін оңалту жұмыстарына үлес қосу мақсатында, ортада діни алауыздыққа себеп болып жүрген негізгі тақырыптарға жеке-жеке арнайы шағын еңбек жазуды қолға алдық. Соның алғашқысы – «Намаз оқымайтын адам – кәпір» дейтіндерге жауап. Намаз оқымайтын адамды күпірлікпен айыптайтын, тіпті ата-анасы мен өзінің туғандарын намаз оқымағаны үшін жат көріп жүргендер осы кітап арқылы ақиқатты түсініп жатса, мақсатымыз орындалғаны», – дейді кітап авторларының бірі Қайрат Құрманбаев.
«Намаз оқымайтын адам – кәпір» дейтіндерге жауап» атты кітабы екі тілде жазылған, 148 беттен тұрады. Жаңа жинақ исламтанушы, дінтанушы, дерадикализация бағытындағы мамандарға арналған.
Пікір қалдыру