Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дін – насихат» деп айтқанындай ҚМДБ-ның басты міндеттерінің бірі уағыз-насихат жұмысын жандандыру болып саналады. Міне, осы бағытта Семей өңіріне қарасты мешіттерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
– Біздің басты мұратымыз заман талабына сай уағыз-насихат жұмысын ұйымдастыру. Бүгінде басым көпшілік жамағат ақпаратты ғаламтор арқылы алады. Мешіт сайтын өзгертудегі мақсатымыз – Алаш қайраткерлерінің ізі қалған кешегі Алаш қаласында төл дінімізбен қатар, ұлттық құндылықтарымызды, Алаш арыстарының ел тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін насихаттау, – дейді Асқар қажы Мұқанов.
Сонымен қатар сайт әкімшілігі алдағы уақытта белгілі абайтанушы, алаштанушы ғалымдармен байланыс орнатып, аталмыш сайт арқылы оқырман назарына тың материалдарды ұсынуды жоспарлап отыр.
«Аlashdin.kz» сайтының атына сай жұмыс істеп, қалың көпшілікке рухани тірек болатынына сеніміміз мол!
Семей Қос мұнаралы орталық мешіттің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру