Өңірдің бас имамы Асқар Әбітайұлының модераторлығымен өткен шараға аймақтағы теологтар, имамдар, мешіт ұстаздары және теология саласында жұмыс жүргізетін мамандар қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – дін қызметкерлері мен теологтар үшін жаңа технологиялар арқылы діни оңалтудың тиімді жолдарын және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгерту болатын.
Шара барысында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, ШҚО Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Асқар Исабаев, ШҚО ДМЗО Интернет кеңістігіндегі блогерлік және қарсы насихаттық жұмысты мониторингілеу бөлімінің бас маманы Ермек Құрманғалиев және ШҚО ДМЗО Бас теологы Ернұр Қанапияновтар арнайы дәріс оқыды. Сондай-ақ, семинарда ғаламтор желісінде арандатушылыққа жол бермеу, интернет арқылы жазасын өтеу орындарындағы азаматтармен жұмыс жүргізу және әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану т.б. тақырыптар бойынша тиімді әдіс-тәсілдер, ұсыныс-кеңестер берілді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешіттің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру