Онлайн режимде өткен шара беташарында Құран аяттары оқылып, екі дүниенің сардары сүйікті Пайғамбарымызға салауат айтылды. Осыдан соң рухани кеш бас имам Асқар Әбітайұлының Алла елшісінің (с.ғ.с) өмірбаяны, үмметіне деген сағынышы жайлы әсерлі уағызымен жалғасты.
Кеш қорытындысындағы әйел ұстаздардың қатысуымен өткен сұрақ-жауап бөлімі қатысушылардың Пайғамбарымыз жайлы білімдерін толықтыруларына себеп болды.
Рухани кеш әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын әйелдер жамағаты үшін танымдық-тағылымдық мәні зор, айрықша болғаны анық.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру