Аталмыш студия әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізуге арналған арнайы құрылғылармен, жарық беру сынды қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Студия арқылы халыққа діни бейнежазбалар, жергілікті мешіт имамдарының онлайн уағыздары, қоғам өкілдерімен сұхбаттары жол тартпақ.
Осынау игілікті іске жергілікті мешіт жамағаты, кәсіпкерлер қауымы жәрдем беріпті. Игілікті іске қолдау көрсетіп, атсалысқан барша азаматтарға дін қызметкерлері тарапынан алғыс білдірілуде.
Семей қалалық Қос мұнаралы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру