Жаңа түрленген Нарын ауылдық мешіті Фото

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай, 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу шарасы аясында

Семей аймағына қарасты, Аягөз ауданы, Шыңғожа ауылында «Нарын ауылдық» мешіті күрделі жөндеуден өтті. Мешіттің жаңа түрленіп ашылуына Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы қатысып, атсалысқан азаматтарға ҚМДБ – ның Төрағасы, бас мүфти атынан алғыс хат табыстап, ауылда берекенің артып, діннің көркейіп, өркендеуін, мешіттің жамағатқа толуын тіледі. Сонымен қатар аудан, ауыл әкімдігі өкілдері, ауыл халқы, аудан имамы Алмас Айткәрімұлы, Думан Нәдірұлы, Жарма ауданы имамы Тимур Қайдарұлы, «Төлеубек қажы» мешітінің имамы Нұрзат Қасымұлы қатысты. Тілекші жамағаттың қуанышында шек жоқ, жаңа түрленген мешіт ел көзі сүйсінерлік.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі