Форум барысында Нұр-Сұлтан қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған құжаттар таныстырылып, кеңінен талқыланды. Басқосуда дін өкілдері Исламның мәдени құндылықтарының негізгі бағыттарына айрықша тоқталды. Атап айтсақ, ас беру және жаназа рәсімдерінің ережелерін, зират және зиярат мәселесін халық арасында насихаттау жайы сөз болды. Бұл ретте жұртшылық арасындағы түсіндіру жұмыстары, әсіресе онлайн насихат бойынша атқарылар шаралар қатары кең көлемде пысықталды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру