ҚАҢТАР АЙЫНДА 639 ДІНИ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және аудандардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ Сall-орталығы қаңтар айында халықтан түскен 639 діни сұраққа жауап берді.

Атап айтқанда, жеке кездесу арқылы – 136, қоңырау шалу арқылы –85, әлеуметтік желілер арқылы 418 сұраққа жауап берілді.  Сall-орталығына келіп түскен сұрақтардың 50%-ы – құлшылық, 13%-ы – сауда-саттық пен қарыз, 9%-ы отбасылық мәселе туралы берілген. Шариғат және пәтуа бөлімінде отбасы құқықына қатысты 31 мәселе қаралып, оның 27-сіне тиісті шешім шығарылды.

Сонымен қатар alashdin.kz сайтында «Желатиннің үкімі» атты пәтуа және «Тик-ток түсіруге бола ма?», «Шахмат, нарды ойнау харам ба?», «Намаз үлгісі көрсетілген жайнамазбен намаз оқуға бола ма?» секілді өзекті мәселелер жарияланды.

Еске сала кетейік, кез келген діни мәселені ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ діни ақпарат орталығының (call-center) 8 (7222) 52-19-11 телефон нөміріне қоңырау шалу немесе meshet_semey@mail.ru поштасына хат жолдау арқылы сұрап біле аласыздар.