Алғыс апталығына сый

Аягөз қалалық мешіті алғыс апталығына орай әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық сый ұсынды.

«Адамдарға алғысы болған кісіге Алланың шүкірлігі болады. Ал Алланың шүкірлігі нығметтің артуы, жақсылықтың тұрақты жалғасуы, сол арқылы дүниесіне де, ақыретіне де пайда келтіруі деген сөз» – деп ізгілер айтып кеткен. Осынау бес күндік жалғанда елдің алғысын алып, қайырлы да, сауапты істерді атқарғанға не жетсін.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі