Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Тарихшылардың айтуы бойынша, бұл оқиғалардан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шеккен. Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктеріне тағзым ету тәуелсіздігіміздің арқасында қолға жетті.
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Құран хатым оқылды.
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру