Семей аймағы ҚМДБ – ның қабір басында тазалық жұмыстарын жүргізуіне бастаған “Өткенге құрмет-ұрпаққа міндет” атты ізгі ісіне үн қосты. Фото.

ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде зират маңына тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің дін қызметкерлері және мешіттердің ерікті жамағаты бір мезетте атсалысып, сауапты іске жұмыла кірісті.

Семей аймағы өкілдігінің ұйытқы болуымен қала, аудан, ауыл маңында орналасқан қорым басында өткен игі іс-шараға ҚМДБ – ның қабір басында тазалық жұмыстарын жүргізуіне бастаған ізгі ісіне үн қосып, зират басындағы тазалық жұмыстарына бір адамдай жұмыла қатысты. Қабір басындағы жатқан қоқыстарды тазалап, марқұмдарға құрмет көрсету тірілерге міндет. Алла елшісі, пайғамбарымыз  (с.ғ.с): «Тазалық иманның жартысы» – деген. Оны біздің ата – бабаларымыз: «Өткенге құрмет, болашаққа міндет» – деп айтып кеткен.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.