Семей аймағы өкілдігінің ұйытқы болуымен қала, аудан, ауыл маңында орналасқан қорым басында өткен игі іс-шараға ҚМДБ – ның қабір басында тазалық жұмыстарын жүргізуіне бастаған ізгі ісіне үн қосып, зират басындағы тазалық жұмыстарына бір адамдай жұмыла қатысты. Қабір басындағы жатқан қоқыстарды тазалап, марқұмдарға құрмет көрсету тірілерге міндет. Алла елшісі, пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Тазалық иманның жартысы» – деген. Оны біздің ата – бабаларымыз: «Өткенге құрмет, болашаққа міндет» – деп айтып кеткен.
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру