ЗЕКЕТ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Алматыда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының республикалық «Біліктілікті арттыру семинары» басталды.
Басты мақсат – зекет өкілдерінің жұмыс барысындағы біліктілігін арттыру, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды үйрету.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың алғашқы күні заманауи маркетинг, SMM бақыттары бойынша зекет өкілдері біліктіліктерін шыңдады. Сондай-ақ алдағы күндерге тапсырмалар беріліп, сұрақтарға тұшымды жауап алынды.

Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірлердегі өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру семинары үш күнге созылмақ.