Жиында әуелі сөз алған бас имам Алмас Айткәрімұлы: «ҚМДБ тарапынан ихсан ілімі мен қоғамдағы әйел орынына ерекше көңіл бөлінуінің өзі негізінен рухани құндылыққа байланысты, сол себептенде жас ұрпақтың рухын биік етіп тәрбиелеу уақыт талабы» – деп атап өтті. Семинарға «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Гүлсара Оразғалиқызы, Шығыс Қазақстан облысы, «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Талшын Зарқымқызы, Аягөз қалалық мешіті ұстазы Әсел Рымғалиқызы және Шынар Мұратқызы қатысты. Семинарда тақырыпқа байланысты баяндама жасалып, еркін сұхбат құрылды. Қатысушылар ой пікірлерін айтып сұрақтарына тұщымды жауап алды. Семинарға келген қонақтарға «Әйелдер – қыздар» секторы мешіт атынан сый – сыйапат жасады.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру