«Иман, Ихсан, Ислам» атты тренинг

Аягөз қалалық мешітінде «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелеріне «Иман, Ихсан, Ислам» атты тренинг өтті.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Гүлсара Оразғалиқызы және «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Талшын Зарқымқызы тренингке қатысушыларға дініміздің негізгі қағидаттарды баяндай келе, ата – бабалар жолы мен салт – дәстүріміздің сабақтастығы жайын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар Талшын Зарқымқызы мешіттің кітапханасына өз тартуын табыс етті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі