Жас түлектерге сәт сапар тіледі

Қияға қанат қағып, 11-сыныпты бітіріп жатқан мектеп түлектері еліміздің ертеңін қалыптастыратын елеулі тұлға боларына шын жүректен тілектеспін.

Жарма ауданы Шар қаласы Карелин атында орта мектепті ойдағыдай аяқтап жатқан мектеп бітіруші түлектерді салтанатты шарасына арнайы шақырған Жарма ауданына қарасты Шар қалалық мешітінің бас имамы  Абдусамат Тойқылды мектеп директоры Айгүл Тілеубердіқызына шәкірттеріңіз  білімнің биік шыңын бағындырып, халқымыздың қалаулы ұл-қыздары болып өссін деген игі тілегімді білдірдім. Ал мектеп бітірген түлектерге ақжол дей отырып, жаңа өмірге қадам басып бара жатқан жастарға рухани мәні зор рухани тәррбие  айтып өттім. Ақ пен қара алмасқан, жақсы мен жаман қатар жүретін мынау өмірде болашақтарың жарқын,  жолдарың ашық болсын дегім келеді, жас түлектер болашақ қадамдарына сәттілік тілеп бата берді!

Семей аймағы Жарма ауданына қарасты  Шар қалалық мешітінің баспасөз қызметі.