Семей қалалық «Хәкім Хәзірет» мешітінде Семей аймағы бойынша Бас имам Асқар Әбітайұлының қатысуымен кезекті мәжіліс өтті. ҚМДБ-ның аймақтағы имамдары бас қосқан жиында ұлық мереке – Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу игілікті іс-шаралары пысықталды. Биылғы жылы былтырғы жылға қарағанда онлайн форматта құрбан шалумен қоса офлайн түрде құрбандық шалуға болатындығын атап айтты. Бас имам имамдарға мереке күні мешіт ауласына келген қонақтарға құрмет көрсетуді, рухани кеш ұйымдастыруды, тұрмысы төмен отбасыларға құрбандық етін бұзып алмай, дереу таратуды бұйырды.
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру