«Хәкім Абай іліміндегі Ихсан ұғымы» атты 7 күндік семинар өз мәресіне келіп жетті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында қолға алынған Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытын кең көлемде түсіндіру үшін Семей қалалық «Хәкім Хәзірет» мешітінде имамдарға арналған «Хәкім Абай іліміндегі Ихсан ұғымы» атты 7 күндік семинар өз мәресіне келіп жетті. 

Семинарды Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы ашып,  рухани тәрбие бағытындағы жұмыстарға айрықша тоқталды.

Сондай-ақ Семинарға Ихсан ілімі сабағын беруге арнайы «Нұр-Мүбарак ислам египет мәдениеті» университетінің ұстазы, әлемге әйгілі Әль-Азхар университетінің түлегі Асқарбек Бегәділұлы шақырылып  мешіт имамдарына Ихсан ілімі жөнінде дәріс оқыды. Шәкәрім, Абайтану тарих тағылым пәндерінен де Қазақстан тарихы сабағынан тарих ғылымдарының кандидаты,  Шәкәрім атындағы университетінің профессоры Амантай Исин және Абайтанушы ғалым Асан Омаров берді.

 Өте әсерлі өткен рухани семинар барысында сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.

Айта кетсек, аталмыш семинарға Семей аймағына қарасты мешіт имамдары қатысты. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.