Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Одан өзге шара қортындысында ата-аналар: «Оқу жылы басталғанда бір жанұядан бірнеше баланы киіндіріп, қажетті заттармен қамтамасыз ету барлық отбасыға бірдей оңай емес. Әсіресе, көп балалы жандарға біраз ауырлау. Дегенмен, мешіт жанынан ұйымдастырылатын осындай ізгі шаралар бізге үлкен көмек» деп алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ аталмыш акция Семей аймағына қарасты аудандарында да жалғасын тапты. Мәселен Үржар. Аягөз. Бесқарағай. Бородулиха аудандық мешіттерінде жиыны 400 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз» дейді «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы.
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру