Шәкірттер арасындағы Құран жарысы

Аягөз қалалық мешітінде жазғы демалыста дәріс алған шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.
 Жазғы демалыс кезінде үйренген сүрелерінен өткен жарыста жүлделі орын алған шәкірттерге І – ІІ – ІІІ – орындарға велосипедтер және ынталандыру сыйлықтары самокаттар табысталды. Мешіттің наиб имамы шәкірттерге сыйлықтарды табыстап тұрып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) – ның: «Сендердің ең жақсыларың құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің» – деген, хадисін баяндай келіп, шәкірттерге жүректерінің қасиетті Құранмен нұрланып, сонымен амал қылатын салихалы ұрпақтардың болуын тіледі.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.