Дастархан жайып, үлкендердің ақ батасын алып, ризашылықтарына ие болды. Шара барасында өңірдің бас имамы Асқар Әбітайұлы асыл қазыналарымызға денсаулықтарының мықтылығын, ауру сырқаттан аулақ болуын, қадірлі қаттарымыздың амандығын тілеп, уағыздарын айтты. Дастархан соңында Карантин уақытында дұниеден өткен қарттарға және асқа себепкер болған анамыз Бибісара Әбдіжаппар қызының рухына құран қатым түсіріліп, сауабы бағышталды.
Сонымен қатар қала, аудан, ауыл имамдары да мерекелі күнде қарттарды тыс қалдырмай сый құрмет көрсетіп, баталарын алды. Имамдардың жасаған бұл амалдары үлкендерді құрметтейтін жас ұрпақ көп болып, әрдайым ұлықтап жүрсін деген ниетпен мерекеге ат салысты. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, барша қарттарымыз аман болсын…
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру