Ұстаздар күнінде ұлт ұстазына зиарат етті.

Бүгін Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Ұлылардың мекені Һәкім Абай еліне іс-сапарын жасады.

Күндердің сұлтаны Жұмада Сапардың барысы Қазыналы қарттар күнімен сондай-ақ ұлықты ұстаздардың мейрамымен қатар, Құтты мекенге ат басын тіреді .Ең алдымен Шәкәрім Құдайбердіұлы және Абай Құнанбайұлы жатқан қасиетті мекен Жидебайға соғып, зират басына құран бағыштап елдің амандығын, қадірлі қарттардың денсаулығын, жұрт тыныштығын тілеп ұлт ұстазына зиарат етумен бастау алды.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.