Хәкім Абай елінің дін қызметкерлері тарихы терең Түркістан өңіріне жасалған сапарларында Шымкент өкілдігі имамдары іс-тәжірибелерімен алмасты.
Еліміздегі маңызды мәселелердің бірі діни сауаттылық. Осы орайда Семей имамдары Шымкент қаласына барған іс-сапарларында Шымкент өңірі имамдарымен іс-тәжірибе алмасты.
Бүгінгі жаһандану ғасырында, бейбітшілік заманда білімділік пен біліктілік қатар жүретіні баршамызға мәлім. Сол себепті Шымкент имамдары мен бірге ҚМДБ тарапынан қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарының маңыздылығы мен киелі орындарды зиярат ету мәдениетін жандастыру туралы келісілді.
Семей қаласындағы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру