СЕМЕЙ: “ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ” МӘУЛІТ АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АС БЕРДІ (ФОТО)

Семей қалалық “Қос мұнаралы” мешітінің қатымханасында “Әжелер мектебі” Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне ас берді. Сонымен қатар, Төлеубек қажы мешітінің ұстазы, қари Ералы Нұғманов  мәуліт оқыды.

Алла Тағала Құран Кәрімнің Қалам сүресінің 4-аятында Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде, Сен ұлы көркем мінез-құлыққа иесің», – деп ерекше атап өткен.

Бірде Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Уа, Алланың елшісі! Осыншалықты әдепке кім баулыды?» – деп сұрайды. Сонда Алланың Елшісі  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мені Раббымның өзі әдепті етті және жақсылап тәрбиеледі», – деп жауап қайтарады. Демек құдіретті Алла Пайғамбарымызды  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем етіп жаратып, өзі тәрбиелеп бізге үлгі ретінде жіберді. Сондықтан да әр мұсылман Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  өмірімен терең танысып, сүннетімен жүруге ұмтылады.

 

 

 

 

 

 

Семей қаласындағы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі