СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бас имам Асқар Әбітайұлы мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының берген тапсырмаларын жүйелі жүзеге асыру мақсатында Семей өкілдігінде арнайы жиналыс өткізді. Оған қаланың Бас имамы Асқар Әбітайұлы мен орталық мешіт қызметкерлері және қаланың Бас имамдары қатысты.

Күн тәртібінде төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен қауіпсіздік мәселелері және 2022 жылдың жылдық жоспары талқыланды.

Бас имам Асқар Әбітайұлы қиын-қыстау кезең туғанда алғашқылардың бірі болып медицина мамандары, әскерилер мен көше тазалықшыларға ыстық тамақ пен ас-су жеткізіп беруде белсенділік танытқан аудан имамдары мен дін қызметкерлеріне, мешіт жамағаттарына Бас мүфти атынан және өкілдік атынан алғысын айтты. Ел бойынша #күшімізбірлікте хештегімен басталған акция мен қайырымдылық жұмыстарына қала мешіттерінің де атсалысуына шақырды. Бас имам қиындыққа тап болған қала халқына демеу болып, бірлік пен ынтымаққа бастау керек екенін алға тартты.

Дін қызметкерлерінің білім денгейлерін арттыру жүйесі мен жалақы мәселелері қарастырылды.

 

 

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі