СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫ ҚҰРАН ХАТЫМ БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтар жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осыған орай Семей өңірінің имамдары көтерілісте қаза тапқан ішкі істер қызметкерлері, әскерилер мен бейбіт тұрғындардың рухына арнап, толық Құран хатым дұғасын оқып бағыштады. Семей имамдары Алла Тағаладан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға ауызбіршілік тіледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: “Фитна (бүлік шығару) – ұйықтап жатқан нәрсе, оны оятқанда Алла қарғыс атсын”,-деген. Алла тағала халқымызға сабырлық берсін!